HomeҚоғамБілім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді

Білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарындағы тамақтанудың жаңа стандарты қолданысқа енгізілді.

 

Маңызды ақпараттар:

 

  • Мектеп асханаларында тұз мөлшері 5 есеге дейін азайтылады;

 

  • Қантты сусындар мен майлы, қуырылған тағамдар мәзірден алынып тасталады;

 

  • Балаларға арналған ас мәзіріне жаңа піскен көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерінің үлесі арттырылады;

 

  • Тамақ дайындау әдістері — қайнатып пісіру, буға пісіру, бұқтыру тәсілдерімен шектеледі;

 

  • Ас блогы жоқ шағын жинақталған мектептер мен буфеті жоқ білім беру ұйымдарында «Ланч-пакеттер» қолданылады.

 

Бұл жаңа стандарт балалар арасында семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың алдын алуға бағытталған.

 

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған стандарт еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында толық қолданысқа енгізілді.

 

Нұрбек Садықбекұлы Нышанов,

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Ұқсас жазбалар