HomeNOMADБішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты өтеді

Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты өтеді

фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

QULAGER.KZ.  VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты Қырғызстан астанасында 2026 жылдың күзінде өтеді, деп жазды ҚазАқпарат.

 

ДКО хатшылығының басшысы Нұрсұлтан Аденов «Биринчи радио» эфирінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы туралы баяндады.

 

— 2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық алдын ала басталды. Ұйымдастыру комитеті құрылды, оның құрамына барлық министрліктің өкілдері кіреді. Іс-шаралардың әзірленген жоспарына сәйкес, Ойындар 2026 жылдың қыркүйек айының басында басталады деп жоспарланған. Бүгінде әлемнің 100 еліне шақыру жіберілді. Жақын арада VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жаңа сайтын әзірлеу аяқталады, онда іс-шара туралы толық ақпарат бірнеше шет тілінде орналастырылады. Ойындар ерекшелігі — олардың ашылу және жабылу салтанаты 51 мың көрерменді сыйдыра алатын қалалық «Бішкек Арена» стадионында өтеді. Одан кейін барлық спорттық және мәдени шара тиісті инфрақұрылымы бар Ыстықкөл өңірінде жалғасады, — деп хабарлады ол.

 

Ақпаратқа сүйенсек, қазірдің өзінде күрес, ат спорты, зияткерлік және ұлттық ойындардың бірнеше түрін қамтитын спорттық бағдарлама құрылды.

 

 

Ұқсас жазбалар