Ресей президенті Владимир Путин мен Корей Халық-демократиялық Республикасының Мемлекеттік істер жөніндегі Төрағасы Ким Чен Ын Пекиндегі «Дяоюйтай» резиденциясында келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Кремль сайты жазды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Олар екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты қабылдауды аяқтағаннан кейін бір көлікте «Дяоюйтай» резиденциясына барды.
Келіссөздер 2,5 сағаттан астам уақытқа созылды. Алдымен екіжақты делегациялар қатысқан келіссөздер бір жарым сағаттан астам уақытқа жалғасты. Содан кейін екі жақ жеке форматта шамамен бір сағаттық әңгіме жүргізді.
Ресей Президенті Путин 31 тамыздан бастап Қытайда төрт күндік сапармен жүр. Ол Тяньцзиньде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммитіне қатысты және саммит аясында әлем лидерлерімен бірнеше кездесу өткізді.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 2 қыркүйекте Қытайға барды.