HomeҚоғамТүркістанда кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстарының қарқыны жоғары

Түркістанда кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстарының қарқыны жоғары

Түркістанда кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы коммуналдық-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойвнша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.

 

Соның бірі, Бекзат мөлтек ауданындағы кәріз жүйесімен қамту бойынша құрылыс жұмыстары.

 

Аталған нысанның құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі күні 85 пайызға орындалған. Жобаны жыл соңына дейін халық игілігіне беру жоспарлануда.

Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан кәріздік насостық станция орнату, жер қазу, кәріз желілерін тарту және қазылған асфальт жабындыларын қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

 

Сонымен қатар, тұрғындарды кәріз жүйесіне қосу үшін «Түркістан қаласы, Бекзат мөлтек ауданындағы жеке тұрғын үйлерді сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы, атап айтқанда, абоненттік қосылымдардың 2-кезең» жобасының сметалық құжаттамалары әзірленуде.

 

Аралау барысында қала басшысы мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың ой-пікірін тыңдады.

 

Ұқсас жазбалар