HomeЖаңалықТүркістанда Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында жаңа нысандар пайдалануға беріледі

Түркістанда Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында жаңа нысандар пайдалануға беріледі

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында Түркістанда жаңа нысандар пайдалануға беріледі, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы зор нысандарды аралау барысында жақында пайдалануға берілетін спорт кешендері мен мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

 

Алдымен қала М.Төлебаев көшесінде орналасқан Ә.Нұрмаханов атындағы спорт кешенінде болды. Кешенде жасөспірімдер мен балалар күрес, бокс, футбол сынды спорт түрлерімен жаттыға алады. Жалпы аумағы 4000 м², ішкі алаңы 713,84 м² құрайтын заманауи спорт нысаны 2024 жылдың мамыр айында басталып, бүгінде толық аяқталған.

 

Қазіргі таңда қалада бұдан өзге спорттың күрес, бокс түрлеріне арналған 4 кешен — Мақатаев көшесінде, Бекзат мөлтек ауданында, Теріскей көшесінде және  Баянауыл аумағында салынып жатыр.

 

Ал 500 орындық көрермен залы бар, заманауи талаптарға сай салынған көпфункционалды мәдениет үйінің құрылысы толық аяқталып, Конституция күніне орай көрермендерін қуанту үшін дайындықты бастап кетті.

Сапасы мен стандарттарға сәйкестігін бақылаған қала басшысы — Әзімбек Пазылбекұлы жауапты мердігер мекемелерге ескертпелер мен кемшіліктерді белгіленген мерзімде толық аяқтап, халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

 

Әлеуметтік нысандар 29 тамыз күні ресми түрде ашылып, ел игілігіне табысталады.

Ұқсас жазбалар