HomeҚоғам«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сарыағашта жалпыаудандық сенбілік өтті

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сарыағашта жалпыаудандық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өтті. Шарада республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарының бойы мен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаев, сондай-ақ 13 ауылдық округ пен қала әкімдігі және бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, аудан жастары мен еріктілер белсене қатысты.

 

Аудан басшысының бастамасымен өткізілген тазалық науқаны барысында көшелердің бойына бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазарту, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» науқанының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлықты дәріптеу.

Ұқсас жазбалар