HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Халық қалаулысы балаларға қуаныш сыйлады

ТҮРКІСТАН: Халық қалаулысы балаларға қуаныш сыйлады

Түркістандық депутат балаларды мектепке даярлауға қолдау көрсетті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясы жыл сайын «Баланы мектепке дайындайық!» акциясын өткізіп келеді. Партияның бұл бастамасы қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетудің жарқын үлгісі болып қалыптасты.

 

Игі шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ғани Райымбеков те белсене атсалысты. Депутат Ғани Ахылбекұлы «Бақытты отбасы» жобасы аясында Ордабасы ауданындағы  50 балаға мектепке қажетті сөмкелер мен оқу құралдарын табыстады.

Мұндай бастамалар білім алуға тең мүмкіндік беруге, балалардың болашағына қоғам болып бейжай қарамайтынымызды білдіруге бағытталған.

 

«Баланы мектепке дайындайық!» акциясы аясында аманаттықтар балаларға мектеп сөмкесін сатып алып беруге, оларды кеңсе заттарымен қамтамасыз етуге, білім алуға қажетті өзге де қолдау көрсетуге жұмылып отыр.

 

— Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар асыл қасиет. Бұл акция – ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің, жанашырлық пен қамқорлықтың белгісі. Әрбір азаматтың атсалысуы – бір балаға үміт, бір отбасыға қуаныш сыйлайды,-деді халық қалаулысы.

Ұқсас жазбалар