HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Сарыағашта «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы өтті

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы өтті

Сарыағаш қаласында «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.​

 

Түркістан облысы «AMANAT» партиясының Сарыағаш, Қабланбек, Жібек жолы, Дербісек, Ақжар, Қызылжар және Жемісті ауылдық округтерінен бастауыш партия ұйымдарында  «Бақытты отбасы» жобасы аясында дәстүрлі «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Алтайұлы Салимов демеушілік жасады. Халық қалаулысы Сарыағаш қаласындағы өткен бастауыш партия ұйымдарына жалпы саны 200 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдарын сатып алды.

Игі шараның мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындап, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау.

 

Оқушылар мен ата-аналар тарапынан мандат иесі Алмас Алтайұлына зор алғыстарын айтып, бұл бастама балаларға қуаныш сыйлағанын жасырмады. Айта кетейік, аталмыш акция жыл сайын ұйымдастырылады. Түркістан облыстық мәслихат депутаты, өз сайлаушыларына жыл сайын акция аясында қолдау көрсетіп келеді. Бұдан өзге де депутат түрлі қайырымдылық шараларында белсенділік танытады.

Ұқсас жазбалар