HomeӘлемдеМемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады.

 

Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

 

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.

Ұқсас жазбалар