HomeӘлемдеДональд Трамп: Украина НАТО құрамына кіре алмайды

Дональд Трамп: Украина НАТО құрамына кіре алмайды

QULAGER.KZ. Бұл туралы Дональд Трамп Владимир Зеленскиймен кездесуінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

 

Алайда АҚШ Украинаға сенімді қауіпсіздік кепілдігін бере алады. Оған АҚШ-тан қару сатып алу мүмкіндігі кіреді. Украина үшін НАТО төлейді.

 

Сондай-ақ, Дональд Трамп бүгін Владимир Зеленский және Еуропа елдерінің басшыларымен келіссөзден нәтиже шықпаса, Украинаға көмек беруді тоқтататынын айтты.

 

Дональд Трамп осы келіссөзден соң бірден Владимир Путинге қоңырау шалатынын да хабарлады.

 

Кездесу барысында Владимир Зеленский Украинада Президент сайлауын өткізуге әрқашан дайын екенін, алайда соғыс жағдайында бұл мүмкін болмайтынын жеткізді.

 

Сонымен қатар, Дональд Трамп кездесуде Владимир Зеленскийдің костюмін мақтап қойды.

 

Ұқсас жазбалар