HomeҚоғамТүркістандық депутат жыл сайын «Мектепке жол» акциясына үлес қосады

Түркістандық депутат жыл сайын «Мектепке жол» акциясына үлес қосады

Түркістан облыстық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының Түркістан облыстық өңірлік филиалының төрағасы Төрегелді Қалмұратов «Мектепке жол» акциясына жыл сайын үлес қосады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жаңа 2025-2026 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында «Мектепке жол» акциясына басталды. Акция аясында балалардың қуанышына атсалысып жатқан азаматтар қатары көбейіп келеді. Соның бірі, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, “Ауыл” партиясының Түркістан облыстық өңірлік филиалының төрағасы Төрегелді Қалмұратов. Халық қалаулысы бүгін өзі сайланған Төлеби ауданына қарасты, Сансызбай Бекбосынов атындағы орта білім беретін мектепке арнайы барып, балалармен және ұстаздармен кездесті. «Мектепке жол» акциясына өз үлесін қосып, білім ордасында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға өз атымнан оқу жылының басталуына орай  материалдық қолдау көрсетті.

 

— Мектепке қажетті құрал-жабдықтары салынған сөмке балалардың білім алуына қажетті жағдай. Ата-ана үшінде айтарлықтай көмек деп білемін. Еліміздің болашағы жастар! Сондықтан жас буынның қайғысыз білім алуы маңызды, — деді Т.Қалмұратов!

 

Айта кетейік депутат бұдан өзге тағыда  аудандық және облыстық көлемде республикалық акция аясында 30-ға жуық балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жыл сайын аталмыш акцияға белсенді қатысып келеді.

Ұқсас жазбалар