Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 500-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қаласы аумағында экологиялық тазалықты сақтау және қаланы көркейту-көгалдандыру жұмыстарының аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден құралған 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.
Сенбілік барысында 4 арнайы техника тартылып, Отырар тұрғын алқабы аумағында арамшөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылды және тұрмыстық қалдықтар жиналды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 8 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, аумақ толықтай тазартылды.