HomeЖаңалықТүркістанда жол инфрақұрылымын жетілдіру жолдары қаралды

Түркістанда жол инфрақұрылымын жетілдіру жолдары қаралды

Түркістанда жол сапасын арттыру мәселесі бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласы әкімдігінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ұлан Жамбылұлының төрағалығымен қала жолдарының сапасын арттыру және бақылау шараларын күшейту мәселесіне арналған мәжіліс өтті. Жиынға «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалының мамандары, мердігер мекемелердің жауапты өкілдері және нысандардың техникалық қадағалаушылары қатысты.

 

Кездесу барысында қала аумағында жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты талқылаулар өтіп, орын алған кемшіліктерді жою, сондай-ақ жұмыстарды мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сай орындау қажеттігі қатаң ескертілді. Мердігер ұйымдарға белгіленген мерзімдерде ақауларды түзету және сапаны бақылау шараларын күшейту міндеті жүктелді.

 

Мәжіліс қорытындысында басты мақсат — Түркістан қаласының жол инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жетілдіру, тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету екені атап өтілді.

Ұқсас жазбалар