HomeҚоғам7 айда 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

7 айда 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Түркістанда 7 айда 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қалалық Мансап орталығы 2025 жылдың алғашқы жеті айында жоспарлы межелерін абыроймен орындап, өңірдегі еңбек нарығының тұрақты дамуына елеулі үлес қосты. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және азаматтарды тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылданды.

 

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жалпы 7 434 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 4 795-і – тұрақты, ал 2 639-ы – уақытша жұмыс орындары. Бұл көрсеткіш қала экономикасының белсенділігін арттырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға сеп болды.

 

Еңбек бағыты бойынша Түркістан қаласында 3 365 бос жұмыс орны ұсынылса, қосымша 1 547 субсидияланған жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1 225– қоғамдық жұмыстар, 233 – жастар практикасы, 25-алғашқы жұмыс орны, 42- «Күміс жас» бағдарламасы аясындағы орындар және 32– әлеуметтік жұмыс орындары болып табылады.

 

Ұлттық жоба мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында 320 жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, «10 мың тұрғынға – 100 орын» бағыты бойынша 1 234 жұмыс орны ашылып, 69 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

 

Түркістандық әрбір азаматтың тұрақты табысқа қол жеткізуіне жағдай жасау – Мансап орталығы жұмысының басты бағыты болып қала береді. Осы мақсатта алдағы кезеңде де жаңа жобалар іске асырылып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер кеңейтілетін болады.

 

Ұқсас жазбалар