Жыл соңына дейін мектептердің даладағы дәретханалары жойылады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Биыл жыл соңына дейін мектептердің даладағы дәретханалары жойылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
Оның атап өтуінше, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана елімізде жылы дәретханаларға қарағанда даладағы дәретханалардың саны басым болған. Қазір олардың саны әлдеқайда азайды.
– Мұның өзі үлкен жетістік. Бұл – мемлекеттің балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмысы. Дегенмен, бұл әкімдіктер бөлуі тиіс қосымша қаражат екенін де түсінеміз. Сондықтан бірлескен жұмыс істелініп жатыр. Жыл соңына дейін даладағы дәретханаларға қатысты жоспар түздік. Олардың саны – 194. Алайда, олардың пайдаланылмайтындығын айтқан болатын. Қазір біз олардың бәрін жоюды талап етіп отырмыз, — деді министр.
Сонымен қатар Ғани Бейсембаев бұл мәселе жылдың толықтай шешілетіндігін айтты.