Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Құрылысшы күнімен құттықтаймын! Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі де жауапкершілігі мол мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға белгілі. Өйткені құрылысшы — адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық. Бұл саланың маманы болу үшін, қызығушылық қана аздық етеді. Мамандыққа деген- махаббат болуы керек.
Өйткені әсем де көрікті, түрлі заманауи нысандардың бой түзеуі – құрылысшылар легінің мезгілдің ыстық-суығын елемей атқарған игі істерінің жемісі. Бүгінде осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан құрылысшыларды шын жүректен мерекемен құттықтаймын. Бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін! Қажырлы еңбек әрқашан табысты болсын!
Түркістан облыстық мәслихат депутаты Нүржан СЕЙТЖАНОВ!