HomeЖаңалықАбайдың 180 жылдығына орай рухани кеш өтті

Абайдың 180 жылдығына орай рухани кеш өтті

Абайдың 180 жылдығына орай «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» кеші өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты мәдени кеш өтті.

 

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, зиялы қауым өкілдері, шығармашылық ұжымдар мен қала тұрғындары қатысты.

 

Кештің мақсаты – хакім Абайдың мол мұрасын насихаттау, жастардың рухани тәрбиесіне ықпал ету және ұлттық мәдениетті дәріптеу.

 

Бағдарлама аясында «АКА» шығармашылық орталығы мен Аяз Илясовтың орындауындағы Абай шығармаларынан композиция ұсынылды. «Самғау», «Әмина», «Бисұлтан» би ансамбльдері, «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі, Дәулетбек Нұрбол, Райымбек пен Дана дуэті, сондай-ақ «Меломен» тобы көрермендерге ақынның мәңгілік туындыларын паш етті. «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» сияқты ұлы ақын әндері мен халық күйлері орындалып, би қойылымдары көрсетілді.

 

Кеш барысында көрермендерге арналған викториналық сұрақтар қойылып, Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты танымдық мағлұматтар ұсынылды.

 

Ұқсас жазбалар