HomeЖаңалықТүркістандағы сенбілікте 8 тоннаға жуық қоқыс тазаланды

Түркістандағы сенбілікте 8 тоннаға жуық қоқыс тазаланды

Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласы аумағында экологиялық тазалықты сақтау және қаланың көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тұрғындар мен мекемелердің қатысуын арттыру мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті.

 

Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден құралған 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.

 

Сенбілік барысында 4 арнайы техника тартылып, Отырар тұрғын алқабы аумағында арамшөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылды және тұрмыстық қалдықтар жиналды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 8 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, аумақ толықтай тазартылды.

 

Ұқсас жазбалар