HomeUncategorizedБіртұтас тәрбие – ұлт сапасының негізі

Біртұтас тәрбие – ұлт сапасының негізі

Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие – жарқын болашақ кепілі

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімніңтұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ қашанда ұлағатты болмақ. Өйткені дәл осы өскелең ұрпақ – ұлт сапасын айқындайтын басты күш. Сондықтан ар-намыс, қадір-қасиет, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішігеқұрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу – қоғам алдындағы маңызды міндет.

«Біртұтас тәрбие» – жүйелі тәрбие тетігі

Оқу-ағарту министрлігі осы идеологиялық бағытты негізгеала отырып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарлама мектептегі тәрбие жұмысын жүйелеуге мүмкіндік беріп, кешенді жоспарлар мен мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды қамтиды. Бағдарламаның басты идеясы – жастарды әділдік пен жауапкершілікке, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілікке, жасампаздық пен жаңашылдыққа тәрбиелеу.

«Әділетті Қазақстан» қағидаты әрбір азаматқа өзін-өзі дамытуға, жетістікке жетуге тең мүмкіндік беруді көздесе, «Озық ойлы ұлт» идеясы – білімге құштар, шығармашыл, инновацияны меңгерген, заманауи технологияларды тиімді қолдана алатын ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

77 нақты қадам және әлеуметтік жобалар

Бағдарлама аясында мектепішілік іс-шаралар саны қысқартылып, нақты 77 қадаммен реттелді. Сондай-ақ 6 әлеуметтік жоба, 5 алдын алу шарасы және қауіпсіздіксабақтары жоспарланды. Бұл қадамдар – ұлттың жаңасапасын қалыптастыру ісінде бүкіл қоғамның жауапкершілігін нақтылай түседі.

Атап айтқанда, «Буллингтен қорған», «Қауіпсіз қоғам», «Қоғамдық мүлікті қорға», «Өмірге саламатты қадам», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» сияқты жобалар оқушылардың қауіпсіздігін, құқықтық сауаттылығын арттыруды және салауатты өмір салтын насихаттаудымақсат етеді.

Мектеп пен отбасы – тәрбие тандемі

Бала тәрбиесі ең алдымен отбасынан басталып, мектеппен жалғасады. Осы орайда ата-аналар мен педагогтердің өзара байланысын нығайту үшін барлық білім беру ұйымдарында«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары құрылды. Бұл орталықтар ата-аналар мен ұстаздардың бірлескен әрекетін жандандырып, бала тәрбиесіндегі мәселелерді бірге шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Нәтижесінде ата-аналар мектеп өміріне белсенді араласа бастады, мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас нығайды.

Тәрбиелік істер – ізгілікке бастар жол

Мәселен, мектебіміздің ер азаматтары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай оқушылардың аналарын құттықтап, әсерлі кеш ұйымдастырды. Мерекелік дастархан жайылып, аналардың ақжарма тілектері тыңдалып, оқушылар мен ата-аналар арасында жылулыққа толы байланыс орнады.

Қорытынды

Халқымыздың «Білім мен тәрбие егіз» деген нақылының терең мәні бар. Ұрпақ тәрбиесі – елдің болашағы. Ананы ардақтау, үлкенді құрметтеу, татулық пен мейірімділік – ұлттың рухани тірегі. Ата-бабамыздың асыл арманы – тәуелсіз, әділетті қоғам құру және бейбіт өмір сүру. Ал бұл арманды жүзеге асыру – бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты.

Терең білім мен саналы тәрбиеге сусындаған, ұлттық құндылықтарға адал, озық ойлы ұрпақ – ел ертеңінің кепілі.

Бастами Арғын Ержанұлы, Түркістан ер Білім-инновация лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ұқсас жазбалар