HomeЖаңалықӘзімбек Пазылбекұлы қала жастарымен кездесті

Әзімбек Пазылбекұлы қала жастарымен кездесті

Түркістан қаласының әкімі жастармен кездесті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістанда қала басшысының қатысуымен «Бүгінгі көшбасшы – кешегі тұлғадан үлгі алады» атты еркін форматта жастармен кездесу өтті.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – өңірден шыққан көрнекті тұлғалардың өмір жолын үлгі ету, жастарды отансүйгіштікке, көшбасшылыққа және белсенді азаматтық ұстанымға баулу, жастармен тығыз байланыс орнату.

 

Кездесуге Әзімбек Пазылбекұлымен бірге, қалалық мәслихаттың төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қалалық полиция басқармасының басшысы Жасұлан Қаржаубайұлы, «Әжелер алқасы» мен «Әйелдер алқасы» қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, қоғам қайраткерлері Серім Айғаным, Ұлжан Әбенқызы және жас мамандар, жас депутаттар, сарбаздар, құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметкерлері, студенттер мен белсенді жастар қатысты.

 

Кездесу барысында қала әкімі жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, өзінің жастық шағы мен еңбек жолынан түйген тәжірибесімен бөлісті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтар арман мен мақсатқа жетудің жолдары, табысқа жету үшін маңызды кеңестер және «Жастар кеңесін» құру арқылы олардың пікірін билікке жеткізу мәселелері сөз болды.

 

Сонымен бірге зиялы қауым өкілдері ұлттық құндылықтардың, білім мен тәрбие берудің маңызын атап өтіп, жастарға өнегелі ойларын жеткізді.

 

Белсенді жастардың бірі Айбар Мырзагелді қазіргі заман жастарының алдында тұрған маңызды мәселелерге тоқталып, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстарын білдірді. Ол Түркістанда жастар үшін жасалған заманауи инфрақұрылымдардың тиімді пайдаланылмай отырғанын атап өтіп, жастарды білім мен стратегияға ұмтылуға шақырды.

 

Сонымен қатар, әкімдік тарапынан қатысушы жастардың бастамалары қолдау тауып, қала басшысы жастар кеңесін құру — үлкен қадам болатынын, қолдайтынын атап өтті.

 

 

Ұқсас жазбалар