HomeЖаңалықТүркістандағы аялдамаларға тазалық жұмыстары жүргізілді

Түркістандағы аялдамаларға тазалық жұмыстары жүргізілді

Түркістандағы аялдамаларға санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамаларын күтіп-ұстау, санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде.

 

Бүгінгі таңда қала аумағындағы барлық аялдама павильондары мен орындықтары жуылып, айналар мен өзге де құрылымдық элементтер тазартылды. Сонымен қатар, бұзылған немесе тозған жерлерді қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары да жүзеге асырылды.

 

Қазіргі таңда қала аумағында 438 аялдама нысаны қызмет көрсетуде. Соңғы үш жылда Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен 374 жаңа үлгідегі аялдама орнатылған.

 

Қоғамдық көлік аялдамаларының тазалығын қамтамасыз ету және оның күтімін жасау жұмыстары қаланың инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының комфортын арттыруға үлкен үлес қосуда. Әкімдік тарапынан атқарылып жатқан тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ұқсас жазбалар