HomeЖаңалықТүркістанда 2000-ға жуық баспана беріледі

Түркістанда 2000-ға жуық баспана беріледі

Түркістан қаласында 2 000-ға жуық пәтер пайдалануға беріледі, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тұрғын үй құрылыс жұмыстары мен сапасын бақылауды қарқынды жүзеге асырып келеді.

 

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты.

 

Қазіргі таңда қала аумағында жалпы саны 57 тұрғын үй салынып жатыр. Оның 42-сі – кредиттік негізде, 15-і – арендалық бағытта бой көтереді.

 

Әзімбек Пазылбекұлы аралау барысында Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі, «Отырар» шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлер мен «Интер» ЖШС тарапынан салынып жатқан, сондай-ақ, Айналма жол бойында бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

 

Жалпы кезектегі азаматтарға Отбасы банк арқылы заңға сәйкес кезең-кезеңімен берілетін болады.

 

Ұқсас жазбалар