HomeҚоғамТүркістан қаласында кезекті сенбілік өтті

Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті

Түркістан қаласында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.

 

Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді қатысты.

 

Тазалық жұмыстарына 800-ге жуық қызметкер жұмылдырылып, 10 арнайы техника тартылды. Сенбілік барысында Бекзат мөлтек ауданы аумағында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, көпшілік жүретін аяқ жолдар сыпырылып, жасыл аймақтардағы арамшөптер шабылды және тұрмыстық қалдықтар жиналды.

 

Нәтижесінде 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, аудан аумағы толығымен тазартылды.

 

Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, өңір экологиясын жақсарту жолында белсенді жұмыс атқаруда.

 

Ұқсас жазбалар