HomeҚоғамТүркістанда күн сайын аэрация әдісі қолданылып жатыр

Түркістанда күн сайын аэрация әдісі қолданылып жатыр

Аэрация әдісімен жолдарды суару жұмыстары күн сайын жүргізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласында жаз мезгіліндегі аптап ыстыққа байланысты жол жабындарын суару жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Ауа температурасы +30°C-тан асқан жағдайда, жол төсемелерінің қызып кетуінің алдын алу және олардың сапасын ұзақ мерзімге сақтау мақсатында аэрация әдісі қолданылуда.

 

Аэрация әдісі арқылы жолдарды суару жұмыстары арнайы техника мен бүріккіш құрылғылар арқылы күн сайын таңғы және кешкі мезгілдерде жүйелі түрде жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар