Түркістанда жылыту маусымына дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына қатысты арнайы мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында 1-2 мөлтек аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйесінің жарамдылық деңгейін анықтау және тиісті дайындық шараларын уақытылы орындау мәселесі талқыланды.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың баяндауынша, қазіргі таңда 74 көпқабатты үйдің 34-де дайындық жұмыстары аяқталып, қалған үйлерде жаңарту, ретке келтіру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, 1-2 мөлтек аудандардағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру, ауыз су жүйесін жаңа желіге қосу, әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындық барысы талқыланды.
Әзімбек Пазылбекұлы 1-2 мөлтек аудандардағы 74 көпқабатты тұрғын үйдің ішкі жылу жүйелерін биыл 10 тамызға дейін толықтай дайын күйге келтіруді қатаң тапсырды.