Тәуке хан даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қаласының негізгі көше желісінің бірі – Тәуке хан даңғылында жүргізілген жол жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Жалпы ұзындығы 5,1 шақырымды құрайтын даңғыл Абылай хан көшесінің қиылысына дейін жөнделіп, жаңартылды.
Жөндеу барысында ескі асфальт жабындысы арнайы техникамен толықтай алынып тасталды. Оның орнына ірі және ұсақ түйіршікті жаңа асфальт қабаты төселіп, жол сапасы мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары заманауи талаптарға сай жүргізілді. Сондай -ақ, Тәуке хан даңғылы бойындағы жол белгілері және қиылыстар мен кірме жолдарға жаңарту жұмыстары жүргізілді.