Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» науқаны бойынша 1817 ескерту беріліп, 3571 айыппұл салынды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Бұл туралы қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиынында айтты. Әкімнің айтуынша, қаладағы 12 124 жеке тұрғын үй мен 6 147 кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 1817 ескерту беріліп, 3571 айыппұл салынған.
Сондай-ақ, Әзімбек Пазылбекұлының сөзіне сүйенсек, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 пайызды және электрмен қамту көрсеткіші 99,5 пайызды құраған. Одан бөлек 2025 жылы 47,1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қаладағы жолдарды 66,7 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Кәріз жүйесімен қамту деңгейі 36,5 пайызға, ал ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен.
— 2025 жылдың алғашқы бес айында 11 096 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 4 678-і тұрақты жұмыс орны. 2025 жылы 16 245 адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланған. Бұл үшін 1,3 млрд теңге қаралған. Жетім балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйлер беріліп, мониторингтік жұмыстар тұрақты жүргізілуде, — деді Әзімбек Пазылбекұлы.
Сондай-ақ, 2025 жылдың алғашқы 5 айында Түркістан қаласындағы жалпы өңірлік өнім көлемі 159,5 млрд теңгені құраған. Оның ішінде өнеркәсіп саласында 40 млрд және өңдеу өнеркәсібінде 25 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Құрылыс жұмыстарының көлемі 299,3 млрд теңгеге жетіп, 434,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сауда айналымы 157,9 млрд теңгеге жетсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 490 млрд теңгені құрады.
Қала басшысының айтуынша, арнайы экономикалық аймақта 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар іске асырылған соң 2956 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, индустриалды аймақта 23 жоба іске асырылып, 961 адам жұмыспен қамтылған. Жоспарланған жобалар аясында шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылуда.
— 2025 жылдың алғашқы бес айында Түркістанға 1,1 млн турист келген. Шетелдік туристер саны 23,2 мың адам. Туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі 61,9 млрд теңгеге жетті. Қалада 68 орналастыру орны жұмыс істейді, жалпы төсек-орын қоры – 3252 бірлік. Қалада «Қолөнершілер қалашығы», «Күлтөбе қалашығы», аквапаркі бар қонақ үй кешені сынды туристік нысандардың құрылысы жүргізілуде. 2025 жылдың 5 айында белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 22 010-ды құрады. Бұл салада 34 500 адам жұмыспен қамтылған. Бизнесті қолдау аясында 30 жобаға 4,2 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Қалада 85 мектеп пен 150 балабақша жұмыс істейді. Оқушылар саны – 55 252. Оның ішінде мемлекеттік мектептерде – 41 341, жекеменшік мектептерде – 13 911 оқушы білім алуда. Есепті кезеңде 12 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 4 мектепте күрделі жөндеу, 7 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Қалада 18 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 1 мемлекеттік емхана, 2 аурухана, 11 жекеменшік емхана және басқа да мекемелер бар. 2025 жылы жеке инвестиция есебінен 27 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана мен оңалту орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр, — деді қала әкімі.
Жыл басынан бері қалада 47 мәдени іс-шара ұйымдастырылса, жыл соңына дейін 60-қа жуық ірі мәдени іс-шара өткізу жоспарланған. Ал, спорт саласында 21 ауқымды жарыс өткізілге. Қазіргі таңда қала тұрғындарының 42 пайызы тұрақты түрде спортпен айналысады екен.