HomeТуризмТҮРКІСТАН: Туризмге тартылған инвестиция көлемі 61,9 млрд теңгеге жетті

ТҮРКІСТАН: Туризмге тартылған инвестиция көлемі 61,9 млрд теңгеге жетті

QULAGER.KZ. Түркістан қаласының 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

 

2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Түркістан қаласының халық саны 240 422 адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Қаланың жалпы аумағы 22,4 мың гектарды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 67,2 пайыз, өзбектер – 30 пайыз, өзге ұлт өкілдері – 2,8 пайыз.

 

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Есепті кезеңде қаланың жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрап, жан басына шаққанда 663,5 мың теңге болды. Өнеркәсіп саласында 40 млрд теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 25 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі – 299,3 млрд теңге, тұрғын үйді пайдалануға беру – 434,6 мың шаршы метрді құрады. Сауда айналымы 157,9 млрд теңгеге жетсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 490 млрд теңгені құрады.

 

Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар

Арнайы экономикалық аймақта 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар нәтижесінде 2956 жаңа жұмыс орны ашылады. Аумағы – 180 гектар. Сонымен қатар, индустриалды аймақта 23 жоба іске асырылып, 961 адам жұмыспен қамтылды. Жоспарланған жобалар аясында шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылуда.

 

Туризм саласының дамуы

2025 жылдың алғашқы бес айында Түркістанға 1,1 млн турист келген. Шетелдік туристер саны 23,2 мың адамды құрады. Туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі 61,9 млрд теңгеге жетті. Қалада 68 орналастыру орны жұмыс істейді, жалпы төсек-орын қоры – 3252 бірлік. Қалада «Қолөнершілер қалашығы», «Күлтөбе қалашығы», аквапаркі бар қонақ үй кешені сынды туристік нысандардың құрылысы жүргізілуде.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

2025 жылдың 5 айында белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 22 010-ды құрады. Бұл салада 34 500 адам жұмыспен қамтылған. ШОК үлесі жалпы өңірлік өнімнің 72,2 пайызына жетті. Бизнесті қолдау аясында 30 жобаға 4,2 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.

 

Білім беру саласы

Қалада 85 мектеп пен 150 балабақша жұмыс істейді. Оқушылар саны – 55 252. Оның ішінде мемлекеттік мектептерде – 41 341, жекеменшік мектептерде – 13 911 оқушы білім алуда. Есепті кезеңде 12 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 4 мектепте күрделі жөндеу, 7 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Денсаулық сақтау саласы

Қалада 18 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 1 мемлекеттік емхана, 2 аурухана, 11 жекеменшік емхана және басқа да мекемелер бар. 2025 жылы жеке инвестиция есебінен 27 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана мен оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде.

 

Мәдениет және спорт

2025 жылдың 5 айында қалада 47 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін 56-дан аса ірі мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Спорт саласында 264 спорттық нысан жұмыс істейді, 21 ауқымды жарыс өткізілді. Қала тұрғындарының 42 пайызы тұрақты түрде спортпен айналысады.

 

Инфрақұрылым және инженерлік желілер

2025 жылы 47,1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаланың 66,7 пайызы қанағаттанарлық жолмен қамтылған. Кәріз жүйесімен қамтылу деңгейі – 36,5 пайыз, ал ауыз сумен қамтылу 100 пайызды құрады. Электрмен қамту – 99,5 пайыз, табиғи газбен қамту – 98 пайыз деңгейінде.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

2025 жылдың алғашқы бес айында 11 096 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 4 678 тұрақты жұмыс орны. 2025 жылға 1,3 млрд теңгеге 16 245 адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланған. Жетім балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйлер беріліп, мониторингтік жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар