Түркістанда білім беру нысандары жылу маусымына дайындалуда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қалалық газ инспекциясы Түркістан қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы №272 қаулысына сәйкес, 2025–2026 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аясында кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.
Аталған іс-шара шеңберінде қалалық бюджет және коммуналдық меншіктегі нысандардың жылу жүйелерін қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, қазіргі таңда Түркістан қаласындағы 39 мемлекеттік мектеп пен 150 балабақшада жылу жүйелерін тексеру, жөндеу және қайта іске қосуға бағытталған жұмыстар жоспарға сай атқарылуда.
Бұл жұмыстар жылу маусымының сапалы әрі үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Инспекция тарапынан нысандардың техникалық жай-күйіне, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және нормативтік құжаттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылуда.