HomeЖаңалықТүркістанда «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жұмысы жанданады

Түркістанда «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жұмысы жанданады

Түркістанда «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жұмысы жанданады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысында «Smart city» жобасы жүзеге асырылып келеді. Түркістан қаласы «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша республика аумағында 2024 жылы 74,6 пайызбен 12-ші орынға тұрақтаған. Аймақтың дамуында маңызды орны бар жобаға қатысты мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров қалаларды цифрландыру, қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды барлық аудан, қала орталықтарында жүзеге асыру керектігін айтты. Түркістан қаласындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

 

– Заман, технология дамып жатыр. Жасанды интеллект пен соңғы технологиялық жаңалықтардың игілігін пайдаланып, аймақты дамыту жұмыстарына жаңа жобаларды енгізу керек. Электр үнемдейтін, күннен қуат алатын бастамаларды көбейту керек. Түркістан қаласында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша 2025 жылға арналған Жол картасына қажетті толықтыруларды енгізіп, шұғыл түрде бекітіңіздер. Іске асыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет. Аудан, қалаларда өңірлік инфрақұрылым объектілерін жобалау кезінде «Ақылды қала» жобасының негізгі критерийлерін ескеріп, облыстағы цифрландыру саласына жауапты басқармамен келісуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.

 

Мәжілісте Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тураби Ертай мен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының осы бағытта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

 

Ұқсас жазбалар