HomeҚоғамТүркістандық мәдениет саласының қызметкерлері сенбілікке атсалысты

Түркістандық мәдениет саласының қызметкерлері сенбілікке атсалысты

Түркістанда мәдениет қызметкерлері сенбілікке атсалысты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласындағы облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке атсалысты.

 

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілік киелі шаһарды көркейту, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

 

Мәдениет ошақтары көпшілікпен бірлесе отырып, қала көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаны күтіп ұстауға үлес қосып, айналаны таза ұстауға шақырды.

 

Айта кетейік, тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Киелі орындар мен мәдени мұралардың маңайында өткізіліп тұрады. Сондай-ақ мекеме аумақтары да тазартылып отырады.

 

Ұқсас жазбалар