«Туған елге саяхат» бағдарламасы аясында киелі Түркістан қаласына 220 турист келді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Туған елге саяхат» бағдарламасы аясында киелі Түркістан қаласына 220 турист келіп, тарихи-мәдени орындармен танысты.
Бағдарлама мақсаты – жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің тарихи және рухани құндылықтарымен таныстыру. Қонақтар Түркістанның маңызды нысандарын аралап, халқымыздың бай мұрасы мен ұлттық дәстүрлеріне қанықты.
Туристер Қ.А. Ясауи кесенесі, Ұлы дала елі орталығы, “Керуен-Сарай” туристік кешені сияқты бірқатар нысандарда болды. Танымдық саяхаттармен қатар, мәдени шаралар мен шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды.
Мұндай жобалар өскелең ұрпаққа ел тарихын танып-білуге және патриоттық сезімін күшейтуге зор үлес қосары сөзсіз.