HomeЖаңалықӘзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы абаттандыру жұмыстарын бақылады

Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы абаттандыру жұмыстарын бақылады

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында жүзеге асып жатқан құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.​

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында жүзеге асып жатқан құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Нысандарды аралау барысында ол бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұрылым бағытындағы жобалардың жай-күйімен танысты.

 

Аралау кезінде қала әкімі құрылыс алаңдарында мониторинг жүргізіп, жұмыс сапасын тексерді. Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстардың мерзімді әрі сапалы орындалуын қадағалау мақсатында мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

 

Әзімбек Пазылбекұлы тұрғын үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңшаларын аралап, олардың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты сын-ескертпелер айтты. Тиісті бөлімдерге бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру қажеттігін тапсырды.

 

Қалалық құрылыс бөлімі тапсырыс беруші болып табылатын 9, 11 және 32-көшелер бойында егілген ағаштардың күтіміне де назар аударылды. Жасыл желектердің жай-күйіне байланысты мердігер ұйым – «BI Group» компаниясына бірқатар ескертпелер беріліп, оларды белгіленген мерзімде ретке келтіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Келесі кезекте қала әкімі Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан мешіттің абаттандыру жобасымен танысты. Жалпы аумағы 4,2 гектарды құрайтын нысанның құрылыс алаңы – 1 286,08 шаршы метрді қамтиды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Әкім жобаның сапалы әрі толық аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жазбалар