Түркістан қалалық мәслихатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен кезекті отыз бірінші сессия отырысы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қалалық мәслихатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен кезекті отыз бірінші сессия отырысы өтті. Сессия отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралып, қала дамуына қатысты есептер тыңдалды. Жиынды Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев төрағалық жасап, жүргізді.
Сессия күн тәртібінде 2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуы жөнінде және жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары бөлімі атқарған жұмыстары баяндалып, 2023 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған №12/53–VIII шешімге сәйкес, учаскелік сайлау комиссиялары құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
Сессия барысында қаралған мәселелерге қатысты мәслихат депутаттары бірқатар ұсыныстарын білдіріп, жиын соныңда бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.