HomeБизнесТҮРКІСТАН: Жетісайлық шаруалар заманауи технологияға ден қойып жатыр

ТҮРКІСТАН: Жетісайлық шаруалар заманауи технологияға ден қойып жатыр

Жетісай ауданының диқандары өнімдерін экспорттап жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Іссапар аясындар журналистер Абай ауылдық округі, Халықтар Достығы елді мекеніндегі «Смайл» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Бүгінде 230 гектарға қытайлық мақта шитін сеуіп, 10 гектарына көкөніс, 20 гектарына бақша дақылдарын еккен. Ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында 230 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізуді жоспарлап, биылғы жылы 177 гектар жеріне су үнемдеу технологиясын «BNK GROUP» компаниясымен іске асыруда.

 

— Гектарына кететін орташа шығынның 80 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланса, 20 пайызы шаруаның есебінен төленеді. Су үнемдеу технологиясы өнім көлемін 2-2,5 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді — дейді қожалық басшысы Смайл Әуезов.

 

Журналистер өңірдегі қауын-қарбыз жиын-терім науқанымен де танысты. Соңғы 20 жылдан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан жетісайлық шаруа Қайрат Жақыпов Абай ауылдық округіндегі 30 гектар егістік жерінің 15 гектарына қауынның «Бакинка» сортын ексе, 15 гектарына мақта шитін сепкен. Қожалық төрағасының ерте көктемде отырғызған көшеттері жоспардағы 65 күнде емес, 70 күнде дайын болып отыр.

 

 

Ұқсас жазбалар