HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: «Онлайн бюджеттік мониторинг» бағдарламасының нәтижелері

ТҮРКІСТАН: «Онлайн бюджеттік мониторинг» бағдарламасының нәтижелері

QULAGER.KZ. Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» бағдарламасының нәтижелері.

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өңірдегі бюджеттік тәртіпті нығайту және қаржы ресурстарының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында «Онлайн бюджеттік мониторинг» (ОБМ) бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда.

2023 жылдың ақпан айынан 2025 жылдың сәуір айына дейінгі кезеңде алынған мәліметтерге сәйкес, Департамент тарапынан автоматты түрде тәуекелдер анықталып отыр. Бұл жұмыстар облысымыздағы білім беру ұйымдарының еңбек жалақысын төлеу жүйесіне қатысты тәуекелдерді қамтыды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап денсаулық сақтау, мәдениет және спорт басқармаларының да мәліметтері осы жүйеге қосылды.

Нәтижесінде бір карталық шотқа бірнеше адамның аты-жөні жазылып, төлем жасалғаны, бір ай ішінде бірнеше төлем құжаттары арқылы 800,0 мың теңгеден жоғары сома аударылғаны және карталық шоттардағы мәліметтер мемлекеттік деректер базасындағы жеке тұлғалар туралы ақпаратпен (ГБД ФЛ) сәйкес келмейтіні анықталды.

Осы бағыттағы жұмыстар мемлекеттік бюджеттің ашықтығын арттыруға және қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Түркістан облысы бойынша ІМАД

Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудитор

ассистенті Б. Шегебаев

Ұқсас жазбалар