HomeҚоғамТүркістанда жасыл желек күтімі жүйелі жүргізіліп жатыр

Түркістанда жасыл желек күтімі жүйелі жүргізіліп жатыр

Түркістан қаласында 626 гектар аумақтағы көгалдандыру және күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Бүгінде Түркістан қаласында 258 нысанды қамтитын жалпы 626 гектар аумақтағы көгалдандыру және күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған аумақтарға саябақтар, скверлер, көше бойлары, жасыл аймақтар мен сектормен бекітілген көшелер кіреді.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков «Turkistan» телеарнасына берген арнайы сұқбатында атап өтті.

Байдулла Жұмадуллаұлының айтуынша, қазіргі таңда қала аумағында жасыл желек пен демалыс орындарын күтіп-баптау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, қалада 32 саябақ, 23 сквер мен аллея, 115 көше бойы, 15 жасыл алқап пен ашық аймақ және 64 секторға бөлінген көше мен аумақ жүйелі түрде күтімге алынған.

Сонымен қатар, қалада 262 гектар көгал аумағы, 925 507 дана ағаш, 370 856 дана бұта, 8 гектар гүлзар және 128 гектарға төселген аяқжол бар.

Бұл көрсеткіштер Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындарға жайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесі.

Ұқсас жазбалар