HomeҚоғамТүркістанда қоғамдық тәртіп жіті бақылауда

Түркістанда қоғамдық тәртіп жіті бақылауда

Түркістан қаласында қоғамдық тәртіп пен туристік тасымал басты назарда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.  

 

«Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» ҚР Заңына сәйкес қала аумағында, туристік нысандар орналасқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және сауда қызметін заң аясында реттеу бағытында қолдау шаралары мен бақылау жұмыстары күшейтілді.

 

Осы бағытта қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов пен қалалық полиция басқармасының ППБ командирінің орынбасары Нұржан Нуршилов мәдени-рухани орталық аумағында туристерге қызмет көрсететін электрокар жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Электрокарлар — туристердің ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ететін маңызды көлік түрі. Алайда олардың қауіпсіз және заңға сай жүруі – әкімдіктің басты талабы.

 

Алдағы уақытта да осындай бірлескен мониторинг және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

 

Ұқсас жазбалар