HomeҚоғамӘзімбек Пазылбекұлы азаматтарды қабылдады

Әзімбек Пазылбекұлы азаматтарды қабылдады

Түркістан қаласының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

 

Қабылдау барысында азаматтардың әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыруға қатысты өтініштері тыңдалды.

 

Қабылдауға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев, қала әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім басшылары қатысты.

 

Әзімбек Пазылбекұлы көтерілген мәселелердің шешілуі үшін оларды тиісті сала мамандарына тапсырып, толық зерттеу және қажетті шаралар қабылдау мақсатында жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

 

Айта кетейік, жеке қабылдау әр айдың үшінші сәрсенбісінде бекітілген кестеге сәйкес әкімдікте өтеді. Ал жазылу үшін Е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына (Фронт офиске) келіп тіркелуге болады.

 

Ұқсас жазбалар