HomeСпортТүркістанда қазақ күресінен чемпионат өтеді

Түркістанда қазақ күресінен чемпионат өтеді

Түркістанда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында чемпионат өтеді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласының «Ерекше мәртебе туралы» Заң аясында 13–15 маусымы аралығында қазақ күресінен 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтеді.

 

Чемпионаттың негізгі мақсаты – ұлттық спортты дамыту, жас спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және болашақ чемпиондарды анықтау.

 

Жарысқа Түркістан облысының 15 өңірінен 300-ден астам жас спортшы қатысады. Атап айтқанда, Арыс, Кентау қалалары мен Шардара, Сауран, Түлкібас, Төлеби, Ордабасы, Бәйдібек, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам аудандары және Түркістан қаласы құрамалары өзара бақ сынайды.

 

Байланыс телефоны: +7 (000) 000 00 00

Электрондық пошта: info@sportturkistan.kz

Мекенжайы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов спорт кешені

 

Ұқсас жазбалар