HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Сәулеттік жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті

ТҮРКІСТАН: Сәулеттік жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті

Түркістанда сәулеттік жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласы аумағындағы құрылыс жұмыстары мен сәулеттік жобаларға қатысты өзекті мәселелерді қарайтын арнайы кеңес отырысы өтті.

 

Кеңес отырысына Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен салалық мекеме басшылары, сәулетшілер мен жобалаушы ұйым өкілдері қатысты.

 

Күн тәртібінде қала аумағында жаңадан бой көтеріп жатқан және жоспарланған сәулеттік жобалар қаралды. Атап айтқанда, Яссы секторындағы Кентау тасжолы бойында абаттандыру жұмыстары тыңдалды. Сонымен қатар темір жол вокзалы маңын колонна элементтерімен көріктендіру жобасы, Яссы, Бекзат және Сауран секторларындағы әлеуметтік нысандар орталығын дамыту мәселелері талқыланды.

 

Бұдан бөлек, «Көк Түрік», «Екі дүние есігі», «Ұлттық қазына», «Хандар аллеясы» сынды монументалды нысандар бойынша жаңа ұсыныстар мен жобалық өзгерістер таныстырылып, кеңінен талқыланды. Жиын барысында «Керуен Сарай» кешенінің жаңа сәулеттік шешімдері де кеңінен қаралды.

Жиын барысында Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Маратбекұлы, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Қадірұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, «Art-Alliance» шығармашылық тобы Түркістанның тарихын заманауи бейнемен ұштастыратын идеяларын ұсынды.

 

Ұқсас жазбалар