Түркістан қаласында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, қоқыстар жиналды.
Қала аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 белгіленген аумақта сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, өңір экологиясын жақсарту жолында белсенді жұмыс атқаруда.