Түркістан қаласы әкімінің төрағалығымен көгалдандыру бойынша кезекті жиын өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала аумағындағы инфрақұрылым мен көгалдандыру жұмыстарына қатысты сараптамалық жиыны өтті.
Жиынға әкімдік қызметкерлерімен қатар тиісті құрылымдық бөлім басшылары, коммуналдық мекемелер мен мердігер ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында қаладағы инфрақұрылым нысандарының техникалық жағдайы, көгалдандыру, суғару және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Қала аумағындағы 60 көгалдандыру нысанын күтіп-баптау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі таныстырылды.
Ж.Шаяхметов, Абылайхан, Әбуова көшелеріндегі аллеялар мен Төле би көшесіндегі суғару жүйелері қажет етілсе, «Тұран» және «Сауран» тұрғын үй кешендері маңындағы көгалдандыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізілу қажет етіледі.
Сондай-ақ, қала көшелерінде шөп шабу, суғару, қураған ағаштар мен көгалдарды қалпына келтіру шараларын жандандыру тапсырылды.
Қала әкімдігі көгалдандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен ұйымдастырып, егілген көшеттерді уақытылы күтіп-баптау мен суару жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.