Қолданбалы геофизика институтының ғалымдары Күнде X класына жақын қуатты алауды тіркегенін мәлімдеді.
Ғалымдардың сөзінше, екі алау 25 қарашада тіркелген. Олар М1.1 және М1.8.
«25 қарашада Астана уақытымен сағат 12:42-де рентген диапазонында ұзақтығы 34 минут болатын M9.4 (N21E89) алауы тіркелді», – делінген хабарламада.
Рентген сәулелерінің қуатына қарай күн алаулары бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең төменгі класс A0.0 Жер орбитасындағы 1 шаршы метрге 10 нВт сәуле шығару қуатына сәйкес келеді. Келесі В класына өткенде қуат 10 есе артады. Әдетте алаулар күн плазмасының шығарындыларымен бірге жүреді. Олардың бұлты Жерге жетіп, магниттік дауылдар тудыруы мүмкін.