Түркістан қаласындағы тазалыққа қатысты өтінімдер telegram-бот арқылы қабылданады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Қаладағы тазалық жұмыстарына қатысты өтінімдер https://t.me/TazaQazBot telegram-бот арқылы қабылданады. Жұмыс алгоритмі бойынша операторларға түскен өтінімдер санаттарына сай орындаушыларға жолданады.
Жұмыстың орындалу мерзімі – 3 жұмыс күнінен 14 жұмыс күніне дейін. Орындаушы өтінім бойынша атқарылған жұмыстарды фотоға таспалап, платформаға жүктейді. Өтініш иесіне жауап сол мезетте telegram-бот арқылы түседі.