Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Будапешт қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті. Аталған жиында мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылдады:
- Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешт декларациясы;
- Мемлекеттер басшылары кеңесінің Ауғанстан жөніндегі мәлімдемесі;
- Өзбекстан Республикасын Түркі мәдениеті және мұрасы қорына қосу туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының өкілеттілік мерзімін ұзарту туралы шешім.