HomeЖаңалықТүркістанда 430 шақырымнан аса жол жөнделді

Түркістанда 430 шақырымнан аса жол жөнделді

Түркістанда жолдарды жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асуда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қала көшелерінде жол жөндеу және асфальт төсеу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып, қарқынмен жалғасуда.

 

Қала аумағында бүгінде жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше тіркелген. 2025 жылдың алғашқы үш айында осы көшелердің 430,1 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтірілді. Ал қалған 419,9 шақырым көше бөлігінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жоспарға сай кезең-кезеңімен орындалуда.

Ұқсас жазбалар