HomeNOMADТүркістанда заманауи ипподром салынып жатыр

Түркістанда заманауи ипподром салынып жатыр

Түркістанда заманауи ипподром салынып жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Тарихи шаһарда жалпы аумағы – 99 гектарды құрайтын заманауи үлгідегі жаңа ипподром құрылысы жүріп жатыр.

 

Бәйге жолының ұзындығы – 4 шақырымға жуық. Көпфункционалды кешен 1500 орындық ашық трибуна, 120 орындық жабық манеж, 100 жылқыға арналған атқоралар мен жаттығу алаңдарымен қамтылатын болады. Ат спортын тамашалауға келген көрермендерге де қолайлы жағдай жасалмақ. Заманауи кешен құрылысы 2026 жылдың қаңтар айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

 

Нысан құрылысымен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы барып, жұмыс қарқынымен танысты. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, кешеннің уақытылы аяқталып, заманауи үлгіде, стандарттарға сай салынуын назарға алуды тапсырды.

Ұқсас жазбалар