HomeЖаңалықТүркістанда құрылыстың талапқа сай жүргізілуі пысықталды

Түркістанда құрылыстың талапқа сай жүргізілуі пысықталды

Түркістан қаласы аумағындағы құрылыс жұмыстары мен сәулеттік жобаларға қатысты өзекті мәселелерді қарайтын арнайы кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Кеңес отырысына Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен салалық мекеме басшылары, сәулетшілер мен жобалаушы ұйым өкілдері, сондай-ақ инвесторлар қатысты.

Күн тәртібінде  Түркістан қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, №29 және №30 блоктардағы 5 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы, «Ali Residence» таунхаус кешенінің жобасы, ӘІО аумағында, №11 және №38 көше қиылысында орналасатын террасасы бар мейрамхана кешенінің құрылысы, ӘІО, №11 көшесінде орналасатын қонақ үй мен мейрамхана кешенінің жобасы, қосымша 5 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы сынды алты мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «МПК-Проект» ЖШС өкілі Бекзат Әділов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Түркістан қаласының Бас жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, ЮНЕСКО талаптарына сәйкес келуінің маңыздылығын атап өтті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағының шекараларын сақтау және тарихи мұраларды қорғау мақсатында жаңа құрылыс жобаларына қойылатын талаптар мен шектеулер егжей-тегжейлі талқыланды.

Сонымен қатар, «Turan» арнайы экономикалық аймағы» АҚ төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Бердісүгіров баяндама жасады. Ол тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысы туралы баяндап, жобаларының әлеуметтік маңыздылығы мен қала инфрақұрылымын атап өтті.

Жиын барысында  әлеуетті инвесторлар мен жобалаушы компаниялар да өз жобаларын таныстырып, сәулет және қала құрылысы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талқылауға ұсынды.

Мәжіліс барысында барлық мәселелер бойынша ұсыныстар қаралып, бірқатар жобалар мақұлданды.

Ұқсас жазбалар