HomeМәдениетҰлы Жеңіске – 80 жыл: Р.Сейтметов театры «Хат тасушы» қойлымын сахналайды

Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Р.Сейтметов театры «Хат тасушы» қойлымын сахналайды

Райымбек Сейтметов театры Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай  Ж.Нәжімеденовтің «Хат тасушы» қойлымын сахналайды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Мамыр айының 7-8 күндері Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай, Бақытгүл Бабаштың инсценировкалауындағы Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» қойылымының  тұсаукесері өтеді.

 

Қойылым барасында соғыс кезінде майдан даласынан сағыныш хаттарды тасушы Темірхаттың тағдыры көрсетіледі. Алғашында жеңіл болып көрінген жұмыс Темірхаттың иығына ауыртпалық арттырады, себебі майданнан алаңдатып жеткен сәлемдемені қасірет пен қайғының «қара қағазы» алмастырады. Әсіресе, ауыл балалары оны «қара хабаршы» деп қарғап, қасіретін арттыра түседі. Қойылымның шыңы – Темірхаттың өз ағасы Әбілхаттың «ерлікпен қаза болған» хабарын оқып, әке-шешесіне жеткізе алмай, бәріне өзін кінәлі сезінгендей, өзенге батып кетуімен аяқталады. Бұл трагедиялық оқиға Жұмекеннің сөздері мен оның бала жүрегінің қиналысы арқылы көрініс тауып, көрермендерге терең ой салады.

 

Қоюшы режиссері – Құрмет ордені және Махамбет сыйлығының иегері Мұқанғали Томанов, қоюшы суретшісі – Қанат Шериев, жарық суретшісі – Жанболат Рсимбетов, хореограф – Жангүл Ерсұлтанова, Музыкамен көркемдеуші – театрымыздың «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі

 

Ұқсас жазбалар